61 дауыс қажет болатын оған молдавиялық парламенттің 62 депутаты дауыс берді. Коммунистер сайлауға наразылықтарын білдірді.
Молдова 2009 жылдан бері президентсіз өмір сүрген - бұған дейін мемлекет басшысын сайлаудың төрт әрекеті іске аспады, себебі кандидаттар қажетті дауыс санын ала алмады - 101 депутаттың кем дегенде 61-нің дауысы қажет болатын. Саяси дағдарыстан шығуға «Еуропалық интеграция үшін» билеуші альянс алға жылжытқан кандидатураны қолдаған социалистердің үш дауысы мүмкіндік берді.
Николай Тимофти 63 жаста, бүкіл өмірін Молдованың сот жүйесіне арнады. Кишинев қаласының Мемлекеттік университетін тәмамдаған соң кәсіби қызметін Әділет министрлігінің кеңесшісі болудан бастаған, содан кейін дәйектілікпен Кишинев аудандық соттарының бірінде сот төрешісі, Молдова КСР Жоғарғы кеңесінің сот төрешісі, Жоғарғы соттың вице-төрағасы, қылмыстық істер бойынша алқа басшысы қызметтерін атқарған.