Молдова Республикасының тікұшағы Тараз қаласының әуежайына апатты жағдайда қонды

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Молдова Республикасының тікұшағы апатты жағдайда Тараз қаласының халықаралық әуежайына қонды,

деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, наурыздың 18-і күні таңертеңгі сағат 11.22-де Тараз қаласының «Әулие Ата халықаралық әуежайынан» «Тараз-Қызылорда» бағытында Молдова Республикасының «ВАЛАН-Интернешэнэл Карго Чартер» авиакомпаниясына тиесілі МИ-8 № ЕР-МНР тікұшағы ұшып шыққан. Бірақ 3600 метр биіктікте тікұшақтың он жақ қозғалтқышы кенет істен шығып, ол 11 сағат 44 минутта апатты жағдайда қайта қонуға мәжбүр болды.

«Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тікұшақтың бортында 5 адам және 11 300 келі салмақта (рұқсат етілген көлемде) жүк болды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.