Бұл туралы Молдованың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлап отыр.
Әлгі азаматтың тұлғасы анықталды. Ол Бельцы қаласының 35 жастағы тұрғыны Михаил Бурденюк болып шыққан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өзінің ісі бойынша қабылданған соттың шешіміне наразылығын білдіріп, өзіне қол жұмсаған.
Отқа оранған азаматты күзет қызметкерінің құтқарып қалғаны хабарлануда. Зардап шегуші күйік орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның денесінің 15 пайызын күйік шалғанын, ІІІ және IV күйік жарақатын алғанын айтып отыр. Қазір оның өміріне қауіп жоқ.
Құқық қорғау органдары осы оқиға бойынша іс қозғап отыр, ең алдымен олар, өзіне қол жұмсаған әлгі азаматқа психиатриялық сараптама жүргізбек.