Молдовада бүгін президенттік сайлау өтеді

None
КИШИНЭУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, сәрсенбі күні Молдовада президенттік сайлау өтеді. Мемлекеттің жаңа басшысын парламент депутаттары дауыс беріп анықтайды.
Президенттікке екі кандидат ұсынылып отыр: елдің қазіргі премьер-министрі Зинаида Гречаная мен дәрігер, академик Станислав Гроппа. Олардың екеуі де билік жүргізуші Коммунистер партиясының өкілдері, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Елдің қазіргі Президенті В.Воронин партия пленумында ел басшылығына Зинаида Гречанаяны ұсынды. Жеңіске жеткен жағдайда, Гречаная ханым Молдова тарихында ел басшылығына сайланған тұңғыш әйел атанбақ. Президент болып сайлануы үшін 101 депуттаттың 61-нің дауысы қажет. Коммунистер Парламентте 60 мандатқа ие. Жеңіс үшін оларға оппозияшыл депутаттардың, ең жоқ дегенде, бір дауысы керек.