Молдова премьер-министрі Василе Тофан бұл шара билікке халықты энергия және су ресурстарымен қамтамасыз ету үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Молдованың Дағдарыстарды басқару ұлттық орталығының директоры Сергей Дьякону елдегі жоғары дайындық режимі 25 қыркүйекте аяқталатынын, алайда оны енгізуге себеп болған тәуекелдер жойылмай, керісінше күшейе түскенін мәлімдеді.
Елдің энергетика министрі Дорин Жунгиету өңірдегі жағдай мен Еуропа биржаларындағы газ бағасының өсуіне байланысты «алдағы кезеңде тұтынушылар төлейтін бағаның қымбаттау қаупі жоғары» екенін атап өтті.
Төтенше жағдай енгізу туралы шешім жобалары парламенттің қарауына жіберіледі.
Бұған дейін Молдованың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ірі ақаулар болған жағдайда жедел әрекет ету және елді электр энергиясымен, табиғи газбен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға қажетті өкілеттік беру мақсатында төтенше жағдай енгізу қажет екенін мәлімдеген.
Молдова 28 шілдеден бері энергетика және гидрология салаларында жоғары дайындық режимінде болды. Алғашында бұл режим 30 күнге енгізіліп, кейін тағы 30 күнге ұзартылған.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жарияланды.