ОСК төрағасы Дорин Чимил 2016 жылғы сайлауда осы уақытқа дейін (18:00) 50 пайыз электорат дауыс беріп үлгергенін айтады. Ол, сондай-ақ, бүгін дауыс бергендердің 54 проценті әйелдер екенін, және де 56 жастан асқан тұрғындардың белсенді екенін атап өтті.
Алдыңғы сайлау да да, осы жолы да 25 жасқа дейінгі жастар ең аз келген санат болған.
ОСК басшысы шетелдерде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінде елдің 106 мың тұрғыны дауыс беріп үлгергенін айтты.
Сайлау нәтижесі туралы алғашқы алдын ала мәлімет жергілікті уақыт бойынша 22:00 шамасында шығады.