деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Мемлекет басшылығына жалғыз кандидатура ұсынылады. Ол - Демократиялық партияның жетекшісі Мариан Лупу, билік жүргізуші еуропалық ықпалдастықты қолдаушы альянстың 4 партиясы да оның кандидатурасын қолдап отыр.
Президентті сайлау үшін 61 депутаттың даусы керек, ал билік жүргізуші коалиция 43 дауысқа ғана ие. Оппозициялық коммунистер өз кандидаттарын ұсынған жоқ және дауыс беруге бойкот жарияламақ.
Егер Молдова президенті бұл жолы сайланбаса, бір айдан кейін тағы да дауыс беруге болады.