Қарағанды облыстықДенсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дәрістердіКишинев мемлекеттік медицина және фармация университетінің акушерлік жәнегинекология кафедрасының медицина ғылымдарының докторы Бологан Ион оқуда. Ол Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының ұлттық сарапшысы, 11 жылдан астам уақыттан беріқазақстандық медициналық ұйымдармен серіктестікте қызмет етуде. Оныңайтуынша, елімізде бүгінгі таңда жүргізіліпжатқан бағдарламалар жақсы нәтижелер беруде.
«Мен қарағандылықдәрігерлердің тәжірибе жинап жатқанына қуаныштымын. Әрқашан өз білімімен бөлісуге дайынмын», - дедідәрістердің бірінде Бологан Ион.
Оқу 5 күнгесозылады. Қарағандылық дәрігерлер теориялық біліммен қоса, іс-тәжірибеденөтеді. Тренингтерде ана қауіпсіздігі, жүктілік кездегі жұқпалы аурулар, ауырбосану, ең бастысы - қалыпсыз жағдайларда акушерлер өздерін қалай ұстау керектігінеқатысты тақырыптар қозғалады.
«Жаттықтырушыәр акушер және дәрігермен босану кезінде болуы мүмкін түрлі жағдайлардыталқылап, олардан шығу жолдарын көрсетуде. Біз қалыпсыз жағдайлар туындағанжағдайда не істеу керектігін үйрендік»,-дейді Теміртау қаласының Ана мен бала орталығының директоры Сәуле Аманжолова.
Перинаталдық күтім бойынша тренингті Қарағандыоблысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Астана»оқу-клиникалық орталығының Қарағандыдағы бөлімшесі ұйымдастыруда. Оқу курсыаяқталған соң барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.