Молдованың ТМД құрамынан ресми түрде шығатын күні жарияланды

Фото: belta.by

АСТАНА. KAZINFORM – Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) 2027 жылдың 8 сәуірінде ресми түрде шығады, хабарлама Минскіге жіберілді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді, деп хабарлады БелТА

– Президент Майя Санду ел парламентінің Молдованың ТМД-ға мүшелік туралы келісімдерінің күшін жою туралы шешімдерін жариялағаннан кейін 8 сәуірде Минскідегі хатшылыққа хабарлама жіберілді. Біз оның алынғаны туралы растау алдық, республика 2027 жылдың сәуірінде ТМД-дан ресми түрде шығуы тиіс, - деді министр. 

Бүгінде Молдова ТМД-ның 283 келісімінің 71-інің күшін жойды, ал шамамен 60-ы қаралып отыр. 

Республика парламенті ТМД-дан шығу елдің Еуроодаққа интеграцияға бағыт алуымен байланысты екенін түсіндірді. 

Kazinform үшін арнайы БелТА ақпарат агенттігі ұсынды.

Осыған дейін Молдова ТМД құрамынан шығу туралы түпкілікті шешім қабылдағанын хабарлаған едік.