Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

Фото: Фото: instagram.com/p/DIqssIm

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты.

Финалға дейін іркілмей жеткен Мөлдір 50 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде хорватиялық Эма Сгарделлиді тізе бүктірді. 

Осылайша, әлем чемпионы М.Жаңбырдай қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Сөйтіп М.Жаңбырбай Премьер-лига санатындағы рейтингіде көш басындағы орнын нығайта түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Түркиядағы турнирде Мөлдір Жаңбырбайдың чемпион атанғанын жазған болатынбыз.