Монте-Карло филармониялық оркестрі - Монако князьдігінің басты оркестрі саналады. Бұл оркестр 1856 жылы ашылған кезде құрамында 15 музыкант болған. 150 жылдан астам тарихы бар оркестрге Артуро Тосканини, Рихард Штраус, Игорь Маркевич, Леонард Бернстайн сынды атақты дирижерлер жетекшілік еткен. Ал Монако елінің әскері қандай да бір қақтығыс бола қалған жағдайда француз әскеріне арқа сүйейді. Монаконың санаулы әскерін Ішкі істер департаменті басқарады. Монако сарбазының міндеті - князьді қорғау, Монако-Вилледегі сарайды, князь атынан төрелік ететін сот органдарының мүшелерін күзету, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
02:26, 09 Шілде 2012
Монако елінің әскерінен гөрі оркестрі көп
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Монаконың қолға қару алып, жауға қасқайып қарсы тұратын сарбазының саны 82 адам екен. Ал бұл елдің ұлттық оркестрінің құрамында 85 адам бар.