Монакода ЕҚЫҰ ПА-ның 21-сессиясы өтеді
19:51, 02 Шілде 2012
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 5-9 шілдеде Монако қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 21-ші сессиясы өтеді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Ресми өкілдің айтуынша, қазақстандық тараптан аталған іс-шараның жұмысына ҚР Парламентінің делегациясы қатысады деп күтілуде.