Монакода Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

МОНАКО-БРЮССЕЛЬ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Монакодағы Монако княздігінде Принц Альберт-ІІ, Премьер-Министр Мишель Роже, сонымен қатар сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозе Бадиа мен өзге де министрлердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салтанаты болып өтті.

Іс-шараға сонымен қатар Монакода тіркелген шетелдік дипломатиялық және консулдық мекемелердің басшылары қатысты.