Монаконың әрбір үшінші тұрғыны - миллионер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монакода әлемдегі миллионерлердің ең үлкен концентрациясы байқалуда. Статистика бойынша, мұнда әрбір үшінші тұрғынның жағдайы айтарлықтай бақуатты, деп хабарлады Еuromag.

Монакодағы байлардың саны әрбір шаршы метрде тіпті ірі қаржылық астаналар Цюрих, Женева және Нью-Йорктегі ұқсас көрсеткіштен асады. Париж бұл рейтингте 20-орында.

Сарапшылар ауқатты адамдардың мұндай концентрацияның бір жерде болуы кездейсоқтық емес екенін айтуда. Байлар өздері үшін ең тиімді қаржылық шарттары бар елді іздейді.

Сондай-ақ , бұл елді таңдаудың басты себептері тиімді салық саясаты мен оның географиялық орны деп санайды сарапшылар.