«Monex» шұғыл ақша аударымдары жүйесі ТМД елдерімен жаңа келісім жасасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Monex» шұғыл ақша аударымдары жүйесі «UPT» және «Золотая корона» төлем жүйесі бойынша Түркиямен, ТМД елдерімен және басқа да мемлекеттермен ынтымақтастық туралы жаңа келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Енді «Monex» шұғыл ақша аударымдары жүйесінің клиенттері «UPT» жүйесінің клиенттерімен ақша аударымдарын жүзеге асыра алады және керісінше.

Сонымен қатар «Monex» шұғыл ақша аударымдары жүйесінің клиенттері Қазақстан, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Молдова, Украина, Израиль және басқа да елдер бағытында «Золотая корона» жүйесінің клиенттерімен ақшалай аударымдарды жүзеге асыра алады.

Айта кетейік, Қазақстаннан өзге Түркия, Грузия, Ресей, Чехия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Моңғолия, Непал, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Беларусь, Қытай, Израиль, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Украина тәрізді елдерде 30 мың шұғыл ақша аударымдары пункттері орналасқан Monex жүйесінің қызмет көрсету географиясы ынтымақтастық орнатқаннан кейін едәуір ұлғайды.