2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Моңғол бишісінің ғажайып өнерін YouTube-те 1 миллионнан астам адам көрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғол бишісі Шижирбаттың «Mongoliaʼs Got Talent 2016» шоуының жартылай финалында көрсеткен өнері залдағы көрермендерді қатты таңдандырды. Алқа мүшелерінің де оған берген бағасы аса жоғары болды.

Шижирбат өзінің биіне графикалық, жарық және лазерлік әсер ететін құралдарды әуенмен үндестіре пайдаланған. Қазіргі уақытта оның осынау ерекше биі түсірілген видеоны  YouTube-те 1 миллионнан астам адам көрген.