Моңғол киіз үйлері күн энергиясымен қамтамасыз етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдардағы экономикалық өсімге қарамастан, Моңғолия тұрғындарының үштен бір бөлігінен астамы көшпелі өмір салтын ұстануда. Олар үшін үкімет арнайы бағдарлама жасады. Ол киіз үйлерге күн панельдерімен қамтамасыз ету арқылы көшпенділердің өмір сүру сапасын жақсартады, деп жазды sciteclibrary.ru.

Моңғолия үкіметі киіз үйде тұратын тұрғындарды үйдегі шағын күн жүйесімен қамту бағдарламасын дайындады, деп жазды GreenEvolution порталы. Бүгінде елдің 2,8 млн тұрғынының 800 мыңға жуық адамы көшпелі өмір салтын ұстанады. Бұл күн энергетикасын дамытуға ынталандырады.

Күн панельдері арқылы көшпенділер тұрмысқа қажетті жабдықтарды: тоңазытқыш, теледидар және ұялы телефондарды пайдалана алады деп жоспарлануда. Бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартады.