Моңғолия үкіметі киіз үйде тұратын тұрғындарды үйдегі шағын күн жүйесімен қамту бағдарламасын дайындады, деп жазды GreenEvolution порталы. Бүгінде елдің 2,8 млн тұрғынының 800 мыңға жуық адамы көшпелі өмір салтын ұстанады. Бұл күн энергетикасын дамытуға ынталандырады.
Күн панельдері арқылы көшпенділер тұрмысқа қажетті жабдықтарды: тоңазытқыш, теледидар және ұялы телефондарды пайдалана алады деп жоспарлануда. Бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартады.