Моңғол садақшысы Көшпелілер ойындары аясындағы этнофестивальде қолын жебемен жаралап алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайлаудағы этнофестиваль кезінде моңғол садақшысы қолын жебемен жаралап алды. Бұл туралы Көшпелілер ойындары хатшылығынан хабарланды, деп жазды КирТАГ.

«7 қыркүйек күні дәрігерлер қолын жаралап алған Моңғолия спортшысына алғашқы көмек көрсетті. Спортшы Ананьево ауылының жалпыдәрігерлік көмек ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Бішкек жедел жәрдем бригадасы Кырчын шатқалында 530 этнофестиваль қонағына көмек көрсетті.