Моңғолия астанасында халықаралық тағам фестивалі басталды

Фото: Монцамэ

АСТАНА. KAZINFORM — 

Моңғол және әлемдік аспаздық мәдениетті таныстыруға бағытталған «UB Food Festival – 2026» халықаралық гастрономиялық фестивалі Ұлан-Батыр қаласының орталық алаңында өтіп жатыр, деп хабарлайды Монцамэ.

Фестивальге мейрамхана және азық-түлік индустриясының 30-дан астам кәсіпорны қатысып жатыр.

Фото: Монцамэ

Келушілерге моңғолдың ұлттық тағамдарымен қатар әлемнің 18 елінің ас мәзірі ұсынылған.

Олардың қатарында қытай, жапон, корей, тай, үнді, грузин, итальян және басқа да асханалар бар.

Фото: Монцамэ

Бағдарлама аясында танымал бас аспаздардың шеберлік сабақтары, түрлі фирмалық тағамдар, жанды музыка, өнер көрсетілімдері, сондай-ақ конкурстар мен гастрономиялық жарыстар ұйымдастырылған.

Айта кетейік, фестиваль 26 сәуірге дейін жалғасады.

Осыдан бұрын 2025 жылы Моңғолияға 847 200 турист келіп, туризмнен елге 700 миллион доллар табыс түскенін жазғанбыз.