Моңғолия астанасында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 26 қыркүйекте 14-жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан Көліксіз күн акциясы өтті, деп хабарлайды МОНЦАМЭ.

Фото: Montsame

Акция аясында сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін Ұлан-Батырдың бірқатар орталық көшелері мен қиылыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу қойылған аумаққа автокөліктермен қатар электр самокаттар, мопедтер, электр велосипедтері және «Сур-Рон» үлгісіндегі көліктер де кіргізілмеді.

Акция кезінде 43 бағыт бойынша қатынайтын 448 қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгертілді.

Бұған дейін жанармай тапшылығы Моңғолияны автокөлік нөміріне қарай бензин сатуға мәжбүр еткені хабарланған.