Моңғолия байқаушысы Бейсен Бұланұлы сайлау туралы: Қазақстан жаңарып жатыр

Фото: Фото: facebook.com/beisen.bulan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы атынан халықаралық байқаушы болып келген Моңғолия Парламентінің мүшесі Бейсен Бұланұлы ҚазАқпарат тілшісіне депуттар сайлауы қалай өтіп жатқаны туралы пайымын айтты.
«Біріншіден партиялар тізімдерін 70 пайыз жаңартыпты. 30 пайызы жастар мен әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға берілген екен. Мұның өзі демократия. Екіншіден, сайлауға үміткерлер бағдарламасын, суреттерін көше бойларына іліп қойыпты. Оның өзі үлкен демократия. Үшіншіден сыбайластық жоқ сияқты көрінді. Сондықтан осы жолғы сайлау жақсы бола ма деп отырмын. Бүгін міне қар жауды. Бұл ақ қарды кіршіксіздіктің, тазалықтың белгісі санап, ырымдадым. Сонымен бірге, осы жауған қардай Қазақстан жаңарып жатыр ма деп ырымдап отырмын», - деді халықаралық байқаушы.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы реформалардың оң нәтиже бере бастағанын айтып, сайлаудан сол көріністі байқағанын атап өтеді. Халықаралық байқаушы саяси партияларға бірдей мүмкіндік беріліп отырғанын алға тартады.

«Сайлауға жаңа партиялар кіріп жатыр. Яғни, әр партияның әлеуеті әр түрлі. Бірінің аудиториясы тым ауқымды болса, бірі шағын ұйым деген сияқты. Кейде үлкен партиялар үстемдік жүргізіп, дауыс беру процесін қолдан реттейтін жағдайлар болады. Ал енді Қазақстанда ондай нәрсені байқамай тұрмыз», - деді Бейсен Бұланұлы.

Соңғы жаңалықтар