Моңғолия астанасына тұрғындар санының шектен тыс көп артуының салдарынан қала тұрғындарының таза, қауіпсіз ортада өмір сүруге деген құқықтары бұзылып келеді. Сонымен қатар қалада ауа ластанып, тиісі нормадан он есе артып кеткен. Көлік кептелістері де үлкен мәселеге айналған. Осыған байланысты Ұлан Батыр қаласының мэрі С.Батболд 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін астанаға көшіп көлуге тыйым салу қажет деп шешкен.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 2017 жылдың қараша айына дейін астанаға тұрақты тұру үшін 9500 адам көшіп келген. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанд 11 мың адамға көп.
Министрлер кабинеті ел президентінің бастамасын қолдап отыр.