Моңғолия Дүниежүзілік жылқы күнін алғаш рет халықаралық деңгейде өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік жылқы күні әлемнің 55 елінде ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге сай ұйымдастырылады. Моңғолияда алғаш рет атаулы күн халықаралық деңгейде кең көлемде аталып өтеді, деп хабарлайды Монцамэ .

Фото: Президент Телерадиокешені

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің бастамасымен және бұл ұсыныстың БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында қолдау табуының нәтижесінде жыл сайын 11 шілде – Дүниежүзілік жылқы күні ретінде атап өтілетін болды. Бұл шешім моңғол көшпенділерінің бай мәдени мұрасының, сондай-ақ жылқының адамзат өркениетінің дамуына қосқан баға жетпес үлесінің әлемдік деңгейде мойындалғанының жарқын дәлелі саналады.

Биыл Дүниежүзілік жылқы күні әлемнің 55 елінде олардың ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлеріне сәйкес атап өтіледі. Ал Моңғолия осы тарихи халықаралық мерекенің басты орталығына айналады.

Мереке аясында ұлттық мәдени мұраны, ат спорты мен жылқы шаруашылығына қатысты дәстүрлерді дәріптейтін халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Моңғолияда 11–13 шілде аралығында Хүй Долоон Худаг аймағында өтетін Дүниежүзілік жылқы күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы төмендегідей:

2026 жылғы 10 шілде (жұма)

  • 07:00–11:00 – Үш жасар жылқылардың бәйгесі;

  • 11:00–12:00 – «Оянған дала» концерті (бас сахнада);

  • 12:00–15:00 – Екі жасар тайлардың бәйгесі;

  • 15:00–16:00 – «Моңғол қазынасы» концерті (бас сахнада);

  • 16:00–18:00 – Орта жастағы асыл тұқымды жылқылардың бәйгесі.

2026 жылғы 11 шілде (сенбі)

  • 07:00–11:00 – Айғырлар бәйгесі;

  • 11:00–11:40 – «Аварга Моңғол» инсталляциясы мен мәдени кеңістіктің таныстырылымы;

  • 11:40–13:00 – «Оянған дала» концерті;

  • 12:00–15:00 – Бес жастан асқан жылқылардың бәйгесі;

  • 14:30–15:30 – «Моңғол қазынасы» концерті;

  • 15:30–16:00 – «Таңғажайып ат шоуы» (орталық алаңда);

  • 18:00–19:00 – «Төңкерілген үшбұрыш» би спектаклі.

2026 жылғы 12 шілде (жексенбі)

  • 07:00–11:00 – Бес жасар жылқылардың бәйгесі;

  • 11:00–13:00 – «Аварга Моңғол» инсталляциясы мен мәдени кеңістіктің таныстырылымы;

  • 13:00–13:30 – «Таңғажайып ат шоуы»;

  • 14:00–15:00 – «Оянған дала» концерті;

  • 12:00–16:00 – Екі жасар тайлардың бәйгесі;

  • 16:00–17:00 – «Моңғол қазынасы» концерті.

Ат спорты алаңында:

  • 14:00–15:00 – Жылқымен өнер көрсететін жұптар сайысы;

  • 15:00–16:00 – Балалар шабандоздары арасындағы «Гийнгоо» сайысы;

  • 16:00–17:00 – Жылқыны жырға қосатын балалар байқауы.

2026 жылғы 13 шілде (дүйсенбі)

  • 07:00–10:30 – Халықаралық ат бәйгесі;

  • 11:00–11:40 – Дүниежүзілік жылқы күнінің ресми ашылу салтанаты;

  • 11:40–13:00 – Он мың салт аттының салтанатты шеруі;

  • 13:00–13:30 – Халықаралық ат бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі;

  • 13:30–14:10 – Ұлттық күрес жарысы;

  • 14:10–14:40 – Ұлттық Наадам мерекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау;

  • 14:40–15:00 – Ат циркі мен көркем концерт;

  • 15:00–17:15 – Ұлттық күрес жарысының жалғасы;

  • 17:15–17:45 – Барлық жас санатындағы ат бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау;

  • 17:45–18:00 – Ұлттық күрес сайысының финалдық кезеңі;

  • 18:00–18:30 – Ұлттық күрес жеңімпаздарын марапаттау рәсімі;

  • 19:00–21:00 – Дүниежүзілік жылқы күнінің жабылу салтанаты (арнайы бағдарламамен).

Ат спорты алаңында:

  • 08:00–17:30 – Жылқы өсірушілер арасындағы жарыс;

  • 14:30–17:00 – Ат үстінде садақ атудан жарыс;

  • 17:00–18:30 – «Моңғол қызы және жылқы» байқауы.

Бұдан бұрын әлемнің 56 елі Дүниежүзілік жылқы күні туралы қарарды қолдағанын жаздық. Бұл қарарға Аустрия, Бахрейн, Бразилия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Германия, Венесуэла, Португалия, Таиланд, Қатар, Жапония, Түркия, Қырғызстан және Қазақстанды қоса алғанда, 56 мемлекет қосылды.