Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Моңғолия Үкіметі Еуроодақ талаптарын орындау мақсатында алдағы екі жыл көлемінде елдегі салық ережелерін өзгертеміз деп уәде берген.
«Енді Моңғолия мен Еуроодақ елдері арасында ынтымақтастықты арттырып алыс-беріс орнатуға ешқандай кедергі жоқ»,- деп хабарлайды Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі.
Қара тізімнен Моңғолиядан басқа Оңтүстік Корея, БАӘ сияқты барлығы жеті мемлекет шығарылды.