«Негізі он жыл бұрын қаланған бұл жоба ақыр аяғында жүзеге асты. Бұл алға қарай жасалған тарихи қадам, біз Моңғолияның бірінші рет ғарышқа жерсерік ұшырғанын мақтан тұтамыз», - деп мәлімдеді Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Миеэгомбын Энхболд.
Моңғолия парламентінің сайтында хабарланғандай, жолсерікке Mongol Sat-1 аты берілді және оның көмегімен елдегі телехабарлар мен телекоммуникациялар мүмкіндігі кеңейеді деп күтілуде.
Жерсерігі Asia Broadcast Satellite (ABS) операторымен серіктестік негізінде ұшырылды.