МОНЦАМЭ ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы дүниеге келген балалардың 51,45 пайызы ер балалар екені анықталды.
Елдегі ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 67 жас, ал Моңғолиядағы қариялардың ең үлкені — 105 жаста. Сонымен қатар, онда еңбекке қабілетті жастағы ерлердің 67,4 пайызы жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, 57 пайыздан астам ер адамдар әртүрлі салаларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Олардың көпшілігі тау-кен, құрылыс және көлік салаларында жұмыс істейді.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы Моңғолияның жалпы сыртқы қарызы 37,1 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4 пайызға ұлғайды.