Моңғолия имам-молдалары қазақы үлгідегі шапан киеді

None
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Осыдан бірер ай бұрын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар ТМД мүфтилерін қабылдаған еді.

Ресми қабылдауда Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырхан Хадысұлы арғы беттегі ағайынның тыныс тіршілігі мен діни ахуалын баяндай келе, Моңголия имамдарын бір үлгідегі шапанмен қамтамасыз етуге қолғабыс жасау туралы өтініш білдірген болатын. Бас мүфти бұл өтінішті орындауға уәде беріп, көп ұзамай имам-молдаларға қазақы үлгідегі шапан жеткізілді.

Бүгін Бас мүфтидің поштасына Моңғолия мұсылмандары атынан алғыс хат келіп түсті. Онда Баян-Өлгей аймағында өткен арнайы семинар барысында жолданған шапандардың имамдарға түгелдей табыс етілгендігі атап өтілген.

ҚМДБ мұсылман әлемінің Діни басқармаларымен әріптестік қарым-қатынасты жандандырып, ортақ игі жобаларды жүзеге асыра бермек, деп хабарлайды аталған ұйымның баспасөз қызметінен.