Енді 1954 жылдың 26 қарашасында, Моңғолияның тәуелсіздігі жарияланған күні орнатылған ескерткіш қалалық мүлік тізімінен шығарылып, саудаға қойылды.
Қала билігі нақтылағандай, 1954 жылы КСРО-ның Көркемдік қоры сыйға тартқан ескерткіш аукционда сатылатын болады. Онымен қоса, алғашқы сатып алушылар хабарласып та үлгерген.
Телеарнаның хабарлауынша, ескерткіш тұрған орын бос қалмайды. Ол жерде 2008 жылғы халық қозғалысы құрбандарының құрметіне стела немесе 1941 жылы Омбыда жазаланған Моңғолияның бұрынғы премьер-министрі Агданбуугийн Амарға ескерткіш орнатылады деп күтілуде.