Өз өкілеттігі аясында президент Ухнаагийн Хурэлсух бұл қаулыға қатысты Моңғолия Конституциясында бекітілген вето қою құқығын пайдаланды. Аталған қаулы 2025 жылдың көктемгі сессиясында Парламентте қаралып, мақұлданған болатын.
Ветоның негізгі екі себебі аталды: біріншісі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жөніндегі мемлекеттік саясатты ескеру қажеттігі, екіншісі — қаулының Конституция қағидаттарына сәйкес келмеуі.
Айта кетейік, «Алтын–3» ұлттық науқаны елдің алтын-валюта резервтерін арттыру, төлем балансына және төгрөг бағамына түсетін қысымды азайту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің бастамасымен қолға алынған.
Моңғолияның өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинням Министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданған шешімдерді таныстыра отырып, былай деді:
— Геосаяси жағдайдың ушығуы, халықаралық нарықтағы мұнай бағасының құбылмалылығы және болашақтың белгісіздігі аясында төмендегі міндеттер қойылды:
импорттаушы компаниялармен бірлесіп, мұнай өнімдерінің қорын ұлғайту үшін тапсырыстар мен сатып алуларды барынша арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;
мұнай өнімдері қорын арттыруды жеңілдетілген несиелер арқылы қаржыландыру мәселелері бойынша Орталық банкпен бірлескен шараларды саралап, ұсыныс дайындау;
мемлекеттік мұнай өнімдері қоймасын салу жөніндегі бұрын басталған жұмыстарды жалғастыру.
Бұған дейін Моңғолияда қолжетімді баспана үшін арнайы банк құрылатыны белгілі болды.