Қылыш Ақсолтан Моңғолияда 53 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның 40 жылында Моңғол мемлекеттік университетінің экономика факультетінің ғылыми қызметкері, оқытушысы ретінде еңбек етті. Соңғы 13 жылда ол «Моңғол» ЖОО-да оқытушы болып жұмыс істейді.
Қылыш Ақсолтан жұбайы Аятолханмен, төрт баласы және 6 немересімен тұрып жатыр.
Моңғолия президенті үй иесі мен моңғолиялық қазақтарды жыл басы - Наурызбен құттықтады.
«Көктем мерекесінде ай мен күн теңеледі, көктем өзімен бірге жақсылық ала келеді», - деді Элбэгдорж ақсақалмен әңгімелесу барысында.