Моңғолия Ресейге уәде еткен алтын кен орнын канадалықтарға беретін болды

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Бұған дейін жергілікті «Эрдэнэс-МГЛ» және «Монголын томор» кәсіпорындарымен бірлесіп «Ресей теміржолы» компаниясы алуға тиіс болған Оюу-Толгой мыс-алтын кен орнын игеру туралы Канадалық Ivanhoe Mines компаниясы Моңғолия үкіметімен жаңа келісімге қол қояды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ivanhoe Mines компаниясымен келісімге қыркүйектің 30-ында қол қойылуы тиіс болатын, алайда келісімді ағылшын тіліне аудару үшін қосымша уақыт қажет болғандықтан Моңғолияның мерзімді жылжытуына тура келді.

Тоннасының құрамында 0,5 пайыз мыс және 0,36 грамм алтыны бар Оюу-Толгой кен орнының қоры 930 миллион тоннаға бағалануда.