Моңғолия ШЫҰ-ның келесі мүшесі болады - ҚХР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жанындағы қадағалаушы мемлекет мәртебесінде 10 жыл болғаннан кейін Моңғолия оның келесі мүшесі бола алады. Бұл туралы ШЫҰ құрылғанына 13 жыл толуына орай қабылдауда сөз сөйлеген ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Алдымызда ШЫҰ-ны дамытуда кең перспективалар ашылуда. Қазіргі кезде ұйымда 5 қадағалаушы, 3 диалог бойынша әріптес бар. Қадағалаушылық бірінші мәртебені 10 жыл бұрын Моңғолия алған. Қазір осы жағдайға байланысты Моңғолия премьер-министрінің жолдауы келіп түсті. Біз бұл жолдаудың мазмұнымен ғана таныс болсақ та, оны жақсы белгі ретінде бағалаймыз. 10 жыл өтті. Енді Моңғолияның ШЫҰ-ға толыққанды мүше мәртебесін алуға дайындалу мәселесін қарайтын кез келді», - деді қытай министрі.

Қазіргі уақытта ШЫҰ мүше Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан болып табылады. Қадағалушылар мәртебесі Ауғанстан, Моңғолия, Үндістан. Иран, Пәкістанда бар. Диалог бойынша әріптес - Беларусь, Түркия және Шри-Ланка.