Моңғолия Жаңа жылы - Шаған мерекесін биыл да тойламайды
Кеше елдің Министрлер кабинетінің отырысын қорытындылай келе, вице-премьер Я.Содбаатар биыл коронавирустың таралуын азайту үшін Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл — Шаған ұлттық мерекесін тойлауға қатысты барлық қоғамдық шара тоқтатылғанын айтты.
«2019 жылғы желтоқсан айының соңында көрші Қытайда алғаш рет коронавирустың жаңа түрі SARS-CoV-2 пайда болып, өршуін ескере отырып, өткен жылы бір рет «Цагаан сар» мерекесі өткізілмеді және бұл жолы да оны тоқтату туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті Я.Содбаатар.
Шаған - буддистік мереке, Ай күнтізбесі бойынша көктемнің басы және Жаңа жыл болып саналады.
«Әлемде Covid-19 пандемиясының таралуына байланысты көптеген Еуропа елі Рождество және Жаңа жылға байланысты бұқаралық іс-шараларды тойламады. Біршама Азия елдері ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі Жаңа жыл мерекесін атап өтпеуге және көптеген адамды бір жерге жинамау жөнінде шешім қабылдады», - деді Я.Содбаатар.