«85 жылдың ішінде, яғни 2012 жылға дейін көлік саласы алты аймақтың орталығын астанамен байланыстырды, дәл осындай алты тас жолды екі жылдың ішінде қазіргі реформалар үкіметі салды», делінген мақалада.
Енді жаңадан салынған жақсы жолмен ел астанасынан аталған ауданның орталығына дейін Ундурхаан арқылы көп дегенде алты сағатта жетуге болады. Бұған дейін бұл жолға бір күндей уақыт жұмсалатын. Үкімет барлық аймақтар орталықтарын 2016 жылға дейін астанамен байланыстыруды мақсат етіп қойған болатын, қазіргі кезде 2 500 шақырымдық автобандар салынып бітті.