Олар еңбек шарты негізінде жалақы немесе өзге де табыс тауып, сондай-ақ волонтерлік қызметпен айналысады.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, елде жұмыс істейтін шетелдіктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,5%-ға (12,3 мың адам), ал алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 19,8%-ға (6 мың адам) өскен.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін шетелдіктердің 92,8%-ы немесе 33,5 мыңы — ерлер, ал 7,2%-ы немесе 2,6 мыңы — әйелдер. Жас ерекшелігі бойынша ең үлкен топты 35–39 жастағы азаматтар құрайды. Олардың саны — 6,4 мың адам. Ал 20 жасқа толмағандар саны ең аз — 305 адам.
Сонымен қатар үшінші тоқсанда жұмысқа орналастыру қызметтерінің көмегімен 111 адам шетелге ақылы жұмысқа жіберілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,1%-ға (95 адамға) аз, ал алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 18,1%-ға (17 адамға) көп.
Бұдан бұрын Моңғолияда мемлекеттік кәсіпорындар саны 30%-ға қысқарғанын жазғанбыз.