«Елімізде өткен айда екі құндыз жұмбақ жағдайда өлді, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олар COVID-19 жұқтырған», - деп телефон арқылы хабарлады « Синьхуа»-ға агенттік эксперті Адиясурен Тувшинбаяр.
Бұл COVID-19-дан малдың қырылған алғашқы жағдайы.
Моңғолияның Ұлттық зоонозды аурулар орталығының мәліметінше, осы орталықтағы тағы жеті құндыздың COVID-19-ға алынған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, екі үй мысығынан да коронавирус індеті табылған.