Велосаяхат 16 тамызда басталды.
Ондағы мақсат - елдің шалғайдағы өңірлерінің тұрғындарына медициналық көмек беру. Дәрігерлер 500 шақырым жол жүрмек, ол үшін бір жылдай арнайы дайындалған.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын велодәрігерлер тобы невролог, хирург, травматолог және анестезиолог-реаниматолог мамандардан құралған.