Моңғолияда дәстүрлі киім мен әшекейлерге арналған арнайы көрме ашылды

Фото: montsame.mn

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолияның Ұлттық музейінде «Дәстүрлі моңғол киімі мен әшекейлері» атты арнайы көрме ашылды. Бұл туралы Монцамэ хабарлады. 

Моңғолияның Ұлттық музейі ұлттық киім мен әшекейлердің тарихи дамуы, эволюциясы және трансформациясына арналған «Дәстүрлі моңғол киімі мен әшекейлері» атты арнайы көрмені ашты.

Фото: montsame.mn
Фото: montsame.mn

Көрмеде Ұлттық музей қорынан алынған 100-ден астам экспонат ұсынылған. Олардың қатарында әшекей бұйымдар, киім үлгілері мен түрлі артефактілер бар. Экспозиция ғылыми-зерттеу мәтін, шолу, суреттер және фотоматериалдармен толықтырылған.

Фото: montsame.mn
Фото: montsame.mn

Экспонаттардың арасында неолит дәуіріне жататын моншақтар, тас дәуірінде жасалған түйеқұс жұмыртқасының қабығынан жасалған алқалар, сондай-ақ қабанның азу тістерінен жасалған әшекейлер бар. Ерекше назар аударуға тұрарлық жәдігерлердің қатарында Моңғол империясы кезеңіндегі хатундардың бас киімі саналатын «алтан цог» алтын әшекейлері, сондай-ақ XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы ақсүйектердің киім үлгілері ұсынылған. Бұл құнды экспонаттар моңғол халқының бай мәдени мұрасы мен тарихын айқын көрсетеді.

Фото: montsame.mn

— Көрмеде ғұндар, түріктер, ұйғырлар және ортағасырлық кезеңге тән өрнектермен безендірілген түрлі киімдер мен әшекей бұйымдар ұсынылған. Көрменің мақсаты — көшпелі халықтың дәстүрлі киімі мен әшекейлері тек тұрмыстық қажеттілік үшін ғана емес, сонымен қатар салт-дәстүрді, дүниетанымды, діни нанымдарды және символиканы бейнелегенін көрсету. Бұл көрме келушілерге ата-бабаларымыздың көне заманда қандай киім кигенін, осы дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа қалай жалғасқанын көруге мүмкіндік береді әрі мыңжылдық моңғол мәдениеті туралы терең түсінік қалыптастырады, — деді Моңғолия Ұлттық музейінің Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ч.Баяндэлгэр.

Фото: montsame.mn
Фото: montsame.mn

Көрме 2026 жылғы 2 ақпанға дейін жалғасады. 

Фото: montsame.mn
Фото: montsame.mn
Фото: montsame.mn

Айта кетелік Моңғолия жем-шөп пен ұнға баж салығын уақытша тоқтатты