Учаскенің сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес сайлаушылар тізімі 112 адамнан тұрады. Сағат 13.00-де 97 адам өз конституциялық құқығын жүзеге асырды, яғни бұл сайлаушылардың 86 пайыздан астамы.
Отгонцэцэг Галбадрах сайлауға Қазақстан ұлттық құрамасының киімімен келді. Дауыс берген ол алдағы Рио-до-Жанейрода өтетін Олимпиадаға ҚР олипиадалық құрамасының мүшесі ретінде бекітілгенін қуана жеткізді.
Еске салсақ, дарынды 24 жастағы дзюдошы 2015 жылғы маусымда ҚР азаматтығын алды, ол Шымкентте жаттығуда, 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде ОҚО құрамасының мүшесі.
2016 жылғы ақпанның басында Париж қаласында Отгонцэцэг Галбадрах ірі халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінде сенсациялық жеңіске қол жеткізген.
2016 жылғы ақпанның ортасында Дюссельдорф (Германия) қаласында дзюдо бойынша әлемдік гран-при кезекті кезеңінде күміс медаль ұтты. Бұдан бұрын 2015 жылғы қарашада ол Циндао қаласында дзюдо бойынша кезекті гран-придің күміс жүлдегері атанған.