Сондай-ақ олардың қатарын кәсіби және әуесқой спортшылар да толықтырды, деп хабарлайды Синьхуа.
Ерлер арасында кәсіби атлеттер санаты бойынша 42 шақырым 195 м қашықтықта Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы Б.Сэр-Од жеңіске жетті, аталмыш санатта әйелдер арасында бірінші орынды Моңғолия азаматшасы, халықаралық спорт шебері Б. Мунхзаяа иеленді.
Ұлан-Батыр марафоны дәстүрлі түрде 2000 жылдан бастап моңғол астанасында өтеді.