Моңғолияда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз айында Моңғолияда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне QAZAQ QURESI» халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Біз Қазақстаннантыс жерлерде қазақ күресін насихаттауды жалғастырамыз. Осымақсатта Азия және Әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда. Мәселен, алдағы тамыздың 16-сы және 17-сі күндері қазақ күресінен Азиячемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңдачемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңіне көштік. Қазірдің өзіндефедерациялардан өтінімдерді қабылдап жатырмыз. Әдеттегідей, салмағы, сәйкестігі деген сияқты параметрлерменіріктеу жүргізіп, ұйымдастыру мәселелерін шешудеміз», - деді ҚанатБозымбаев.

Сондай-ақ,федерация басшысы қазақ күресінің жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынаенуіне қатысты айтты.

«Әрине, бұл біздің мақсатымыз. Алайда оған жету үшінбірнеше жыл қажет. Осы уақытқа дейін біздің федерация құрамына 29 шет ел жәнеекі халықаралық спорт ұйымы кірді. Жақын арада бізге тағы 10 шетелдік мемлекетқосылады деген жоспар бар. Біз осы елдердің ұлттық чемпионаттарында тұрақтыжұмыс жасауды мақсат тұттық. Тағы бірайтып өтетін мәселе, Халықаралықдзюдо федерациясындағы әріптестеріміз спортшыларға қазақ күресінен жарыстарғақатысуға тыйым салады. Менің ойымша, қазақ күресі мен дзюдо бір-бірін байытаалар еді. Біз өз палуандарымызға тыйым салмаймыз. Керісінше, біз үшін олардың өздері қалаған жердекүресіп, барынша мықты техниканы меңгергені игі. Біздің құрамымызда кем дегенде40 шетелдік федерация болған кезде, еліміздің Ұлттық олимпиада комитетініңқолдауымен халықаралық Олимпиада комитетімен келіссөздерді бастаймыз депүміттемін», - деді ол.

Тамызда өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 11елдің құрама командасы өзара бақ сынайды. Олардың қатарында Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Моңғолия, Корея,Қытай және Жапония елі бар. Дүбірлі сайыста еліміздің намысын 9 палуан қорғайтыны күтілуде.

Соңғы жаңалықтар