Моңғолияда құмды дауылдан алты адам қаза тауып, 81 адам хабарсыз кетті

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінше, 13 наурыздан 15 наурыз сағат 9:00-ге дейін Моңғолияның тоғыз аймағында 548 шопан құмды дауылдың салдарынан хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың 467-сі табылды, бес шопан мен бес жасар бала қаза тапты.

Құтқару жұмыстарын жеке құрам ұйымдастыруда. Жоғалып кеткен 81 шопанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.