Моңғолияда мал саны 58,1 млн-ға жетті

Фото: montsame

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың соңына қарай Моңғолиядағы жалпы мал саны 58,1 млн-ға жетті, деп хабарлайды Монцамэ.

 Бұл өткен жылмен салыстырғанда 445,1 мыңға, немесе 0,8 пайызға көп. Бұл туралы 7–17 желтоқсан аралығында бүкіл ел бойынша жүргізілген үй малы бойынша жүргізілген санақтың алдын ала қорытындысын жариялаған Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті хабарлады.

Алдын ала санақ нәтижелеріне сәйкес, жылқы саны ең көп өсім көрсетіп, 5,1 млн-ға немесе 9,5 пайызға артқан. Сиыр саны 5,4 млн-ға жетіп, 7,2 пайызға өсті; түйе саны 501,3 мыңға дейін көбейіп, 4,3 пайыз болды; ешкі саны 23,2 млн-ға жетіп, 1,1 пайызға артты. Ал қой саны биыл 23,9 млн, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға азайған. Жалпы мал шаруашылығын қой – 41,1%, ешкі – 39,9%, сиыр – 9,4%, жылқы – 8,8%, түйе – 0,9% үлеске ие.

Алдын ала деректер бойынша, ел аймақтары ішінде Хөвсгөл аймағы 5,3 млн малмен бірінші орында тұр. Одан кейін Өвөрхангай – 5,1 млн, Архангай – 4,4 млн, Баянхонгор – 4,2 млн және Тув аймағы – 4,1 млн бас көрсеткішімен келесі орындарды иеленген.

Өмнөговь, Сүхбаатар, Баянхонгор, Архангай, Хэнтий, Дорноговь, Дундговь, Хөвсгөл, Дорнод, Говьсүмбэр, Завхан аймақтарында және Улаанбаатар қаласында мал саны 10 300-ден 325 мыңға дейін артқан.

Ал Сэлэнгэ, Увс, Ховд, Говь-Алтай, Баян-Өлгий, Дархан-Уул, Тув, Орхон, Булган және Өвөрхангай аймақтарында мал басы 6 300-ден 354 500-ге дейін қысқарған.

Елдегі ең көп мал Хэнтий аймағындағы Өмнөдэлгэр сомонында тіркелген – 532,1 мың.

Сонымен қатар, ел бойынша тіркелген 313 мың малшының 58 пайызы, яғни 182,8 мыңы – ер адам, ал 130,2 мыңы – әйел. Барлық малшыың н22 пайызы 35 жасқа дейінгілер екені анықталған.

Айта кетелік Моңғолияда дәстүрлі киім мен әшекейлерге арналған арнайы көрме ашылғаны туралы жазған едік.