Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, айтулы додада бақ сынайтын ел құрамасы анықталды.
Ұланбатырдағы жарыста Қазақстаннан 17 спортшы ел намысын қорғайды.
Ерлер:
1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)
2. Шерзод Давлатов (-60кг)
3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)
4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)
5. Данияр Шамшаев (-73кг)
6. Жансай Смағұлов (-73кг)
7. Руслан Мұсаев (-81кг)
8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)
9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)
10. Аян Байғазы (-90кг)
11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)
12. Бекзат Шағатаев (-100кг)
13. Әділ Оразбаев ( 100кг)
14. Нұрсұлтан Қаблан ( 100кг).
Әйелдер:
1. Ғалия Тынбаева (-48 кг)
2. Аруна Жангелдина (-78 кг)
3. Кәмила Берліқаш ( 78 кг).
Аталған додаға 45 елден 350 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Сайыс қорытындысында IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік және олимпиадалық рейтингтер ұпайына ие болады.
Атап айтқанда, чемпиондарға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3 орын үшін 500 ұпайдан беріледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын Қазақстан құрамасының 7 медальмен қорытындылағанын жазған болатынбыз.