Халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысына қарағанда, қазіргі президент Цахиагийн Элбэгдорж көш бастап тұр. Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг жазады.
Бұрынғы тілші және Монғолияда коммунистік тәртіпке нүкте қойған бейбіт революцияның көшбасшысы Ц. Элбэгдорж алғаш рет президенттік қызметке 2009 жылы сайланды. Оған дейін ол үкімет басшысы қызметін атқарған болатын.
Қазіргі президенттің қарсыластары Моңғолия халықтық партиясының мүшесі Бат-Эрдэнэ Бадмаанямбуугийн және денсаулық сақтау министрі, Моңғолия халықтық революциялық партиясының өкілі Нацагийн Удвал болып табылады.