Моңғолияда президенттік сайлау науқаны басталады
18:26, 05 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 маусым күні Моңғолияда ресми түрде президенттік сайлау науқаны басталады, деп хабарлайды montsame.mn.
Қазіргі «Сайлау туралы» заңға сәйкес, президенттікке үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын 18 күннің ішінде ұсынуы тиіс.
Еске салайық, М.Энхболд (МХП), Х.Баттулга (ДП) және С.Ганбаатар (МХРП) президенттікке сайлауға түседі. Алдағы сайлауға Моңғолияның шетелдегі 7 мың азаматы дауыс бере алады.