Бұл туралы коронавирусқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз брифингінде Үкіметтің баспасөз қызметінің басшысы Ц.Ганзоринг былай деп мәлімдеді: «Моңғолияда шетелден келген моңғол азаматтарын оқшаулау мерзімі қысқартылды. Дегенмен, COVID-19-дың жаңа мутацияланған түрі тараған аймақтар бар. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Ұлыбритания, Оңтүстік Африка елдері және Бразилиядан оралған азаматтарға 14 күндік оқшаулау қажет деп есептейді. Басқаша айтқанда, коронавирустың жаңа түрі тараған аймақтардан келген азаматтар 14 күн, ал басқа елден келгендер 10 күн оқшауланады».
«Егер Моңғолия азаматы шетелде коронавирусқа қарсы екпе алса, біз COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы сертификаттың бар-жоғын тексереміз. Осыған байланысты вакцинация туралы сертификаты бар азаматтар 7 күн оқшауланады және антидене анықталса, үйіне жіберіледі», - деп мәлімдеді Жұқпалы аурулар ұлттық зерттеу орталығы Мониторинг және зерттеу бөлімінің басшысы А.Амбасэлмаа.