«Оюу Толғой жобасының инвестициялар туралы негізгі келісіміне өзгерістер енгізіледі, ал «Дубай келісімі» деген атпен танылған Оюу Толғой жерасты кен орнын Қаржыландыру және дамыту жоспарының күші жойылады. Сондай-ақ, Оюу Толғой директорлар кеңесінің бір өкілі ауыстырылады. Қазіргі үкімет құрылымына екі министрлік – Экономикалық даму және Цифрлық даму министрліктері бекітіледі», - деді жалпы отырыста сөз сөйлеген Л.Оюун-Эрдэнэ.
18:01, 27 Қаңтар 2021
Моңғолияда жаңа Премьер-министр тағайындалды
ҰЛАН-БАТЫР. МОНЦАМЭ- ҚазАқпарат – Моңғолия парламенті Л.Оюун-Эрдэнэні Премьер-министр қызметіне тағайындады, оны дауыс берген парламентшілердің 87,9 пайызы қолдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.