kaznews.mn сайтының мәліметінше, Баян-Өлгей спортшылары бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде алған. Айта кетерлігі, үшеуі де қазақ баласы. Ел біріншілігіне барлығы 190 спортшы бақ сынап, жасөспірімдер арасынан мемлекеттік 16 рекорд жаңартылған.
Молбайұлы Алтынбек 50 келі салмақта қос сайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ол жұлқи көтеру бойынша 55 келіні, серпе көтеруде 77 келіні көтерген.
Ал, 69 келі салмақта Тілек Ерболұлы күміс жүлдеге қол жеткізсе, 56 келіде Қызыр Біржанұлы қола медаль еншіледі. Қыздар арасындағы сайыста Арай Талғатқызы 53 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Баян-Өлгей ауыр атлеттерін Талғат Мұхаметқалиұлы есімді қандасымыз жаттықтырады.